Нажимая на кнопку "Задать вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

Задать вопрос
Задать вопрос
  • бала Абайдың өміріне әжесінің әңгімелері калай әсер етті?​

    • 10 November 2020
    • Ответ оставил: erlankyzydana18

    Ответ:

    Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған аты – Тоқбала екенін біле жүргеніміз жөн. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. « – Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын Абайдың әжесі – Зеренің ұлағатты әң­гімелерінің өзі неге тұрады десеңізші?!

    М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайт­қанда» дейтін тарауында: «Абай биыл ғана анық бағалады. Бұ­ның әжесі бір түрлі шебер әңгі­меші екен. Қызық сөйлейді. Әң­гіме­сі­нің барлық жерін дәмді ғып, қы­зықтырып айтады. …Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қо­рығы», «Құла мерген» – бәрі де ай­тылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол осы ел іш­ін­де Зеренің жасынан бергі көр­­гені, естігені жайындағы әңгі­ме­лер. Ел мен елдің шабысы, та­ласы жайында бірталай күндер айтты. Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Най­ман­ның осы елге, осы ауылға шап­қанын, сонда Бостанбек деген өзінің асыран­ды баласы өлгенін және Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан Қожам­берді деген ақын жайын айтады. Соның көп өле­ңін шұбыртады. Бас­қа да «Қа­ра­шор шапқан» си­яқты шабысты, жортуылды айта­ды. Тағы бір күн­дер Мамыр, Ең­лік­тей қыз­дар­дың қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай, жа­лық­пай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Зере ел шабысын әңгіме еткен­де, сол істердің бәрін ел ба­сына әлек салған, ұлардай шу­лат­қан кесел күндей айтатын. Кіш­кентай күнінен ертек-әңгі­мені көп сүйе­тін бала осы жазда, тіпті көп есітіп, көп біліп ал­ған сияқты» деп келетін жолдар бар ғой. Бұл бала Абайдың дана Абайға ай­налуына әсер еткен мысалдың бірегейі десек те болады.. Осы мысалдың өзі-ақ, «Әже» тұлға­сы­ның қоғам­да­ғы рөлін айшықтап, жеріне жеткізе бейнелеп тұр. М.Әуезовтың атақты «Абай жолы» романына соғыс жылдары Б.Момышұлы жоғары баға бере отырып былай деген екен: «Зере мен Ұлжан Абайдың емес, барлық халық анасы. Аналық сезімі мол, елдің мұңын мұңдап, жырын жырлаған аналар болып ақиқат көрсетілген». Шоқанның әжесі Айғаным Сарғалдаққызы үш жүзге бірдей аты тараған, көркіне ақылы сай, білімді, парасатты әйел болған. Әрі жасөспірім Шоқанның өз құралпыластарына қарағанда сана-сезімінің ерте оянып, рухани әлемінің асқақ болып қалыптасуына айтулы ықпал еткендердің бірі – Айғаным. Ә.Марғұланның «Айғаным Шоқан үшін халық даналығының сарқылмас бұлағы болған» деуі сондықтан. Яки, болашақ ғалымның сан-салалы ілім мен ғылымның қайталанбас қайраткері болып қалыптасуына жасынан бойына сіңірген жан-жақты тәлім-тәрбие мен туып-өскен ортасының да игі әсері тиген. Айғанымның өмірі мен саяси қызметі өткен дәуіріміздің тарихында ерекше аталады. Орта жүз жерінде алдыңғы қатарлы орыс зиялыларымен қазақ халқы арасында достық қатынастың алғашқы негізін мықтап қалаушы тарихи тұлғаның игілікті ісін оның балалары жалғастырды. Шоқанды, яғни болашақ ұлы ғалымды тәрбиелеуде ең алдымен әжесі мен оның әкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше. Оның үстіне, Айғаным мен Шыңғыс шаңырағында ешқашан дастархан жиылмаған, ойын-той көп болып халық таңдаулылары жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз майталмандары, күміс көмей, жез таңдай әншілер, ғалымдар, алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының көрнекті өкілдері жас Шоқанға ерекше әсер етті. Қазақ халқының маң­да­йы­на біткен асыл ұлдарының бірі Шо­қан Уәлихановтың аза­мат­тық бол­мысының өз тұстас­тарының ара­сынан дараланып шығуына, ішкі күш-қуаты мен асқақ рухының ерте жетілуіне, көкірек көзінің ашық болуына оның әжесі – Айғаным­ның берген тәрбиесі айрықша ықпалын тигізді. Айғаным әженің өне­гесін моншақтай етіп тізіп беретін небір мысалдар жетерлік. Айғаным туралы толық мағлұ­матты Ш.Уәлихановтың таңдамалы жи­нағынан ала аламыз. Онда былай делінген: «Ш.Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783-1853) парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған әйел. Ол Шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен және Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Жергілікті халықтың арасында Айғаным өте беделді кісі болған. Мұрағат мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары жөніндегі Устав» қабылданғаннан кейін Сол­түстік Қазақстандағы маңызды оқи­ғалардың бірде-бірі Айғанымсыз өтпейді. Айғаным тоғыз бала тапқан, со­ның жетеуі тірі қалған. Үлкені – Шыңғыс, Шыңғыстан туған Шоқан.

    • НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
    Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
    На сегодняшний день (25.03.2026) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос.
  • Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

    Ответить на вопрос

Последние опубликованные вопросы

қазақстандағы ауыр индустрияның болашағы" аргументті эссе күлтегеннің бойыннан қандай қасиеттерді байқадыңыз?3-4 сөйлем ​ ЖАЗЫЛЫП8-тапсырма. Дағды-ишараның түрлері туралы кластер жаса.Буны білудің пайдасы туралы ойыңды дәлелдеп жаз.Дағды-ишара​ СРОЧНААААА!!!!!!! Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз Бір ғана жауапты таңдаңыз a. Рабиға біресе, маған, біресе, Әмірге қарады b. Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады c. Рабиға біре... AЖАЗЫЛЫМ9-тапсырма.«Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеп-тен» деген тақырыпта іні-қарындастарына, сіңлілеріне арнап әңгіме жаз.Қаратпа, қыстырма сөздерді қолдан.ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ УМОЛЯЮ!!!!!!!!!​ Әбу Насыр әл - Фарабидің « Тіршілікте құрыштай бол төзімді » өлеңіндегі автор бейнесін анықтаңыз . Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз . өтінемін айтыңыздаршы​ Аяз би неліктен өзін жаманмын деді​ Слова которые отвечают на вопросы где каз яз СРОЧНОООО ПОИОГИТЕ!Тиісті есімдіктерді қойып жазу.1.... Бурабайдың суретін салды. 2. әжеммен бірге Майра апамның үйіне талайбардым. 3. Майра апам ... кұшағын жайып қарсы алды. 4.Асқар.... дос. 5. А... Төле бидің «Ердің бақыты-әйел» деген шешендік сөзінің мәнін дәлелдермен аша отырып, әдеби эссе жазыңыз. Как можно больше напишите, плииииз​ Шақ малдар туралы малимет​ Мына сөздермен сөйлем құрап жаз. Арқар, барыс, қосаяқ, құлан.
*{ message }*