Нажимая на кнопку "Задать вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

Задать вопрос
Задать вопрос
  • Алаш зиялыларына хат керек ​

    • 08 November 2020
    • Ответ оставил: zhansayakhasanova07

    Ответ:

    Халқымның ардақтылары һәм ақиықтары! Хатымның аңдатуы ретінде, Ахмет Байтұрсынұлы жазғандай «шығарманың мазмұны төрт түрде айтылады: 1. Жай сөйлеу түрде. 2. Сөйлестірген түрде. 3. Хат түрінде. 4. Аралас түрде» , мен,ой-тиегімді ағытқан, айтайын деген пікірімді хат арқылы баяндағым келеді. Бұл өмірден озған адамдармен хат жазысу Абайдың : «Өлсе өлер табиғат, адам емес...» деген сөзін еске түсіреді. Шамалы болса да, алдымен «Алаш деген не?», «Алаш Орданың қайраткерлері кім?» және «Алаш қозғалысының идеялары неге бағытталған?» деген сұрақтарға жауап берейін.

    Алаш барша қазақ жұртының жүрегін тебіренткен ұраны, шыққан тегі. «Алаш» «қазақ» сөзімен теңбе-тең болып қолданылады. Сондықтан болар, Алаш қозғалысы (1905 жылдан бастау алады) жиырмасыншы ғасыр адамдардың да, келешек ұрпақтың да маңызды бөлігіне айналып үлгірген. Қозғалыстың басты құрамы, саны сегіз жүзге жуық, ұлт зиялылары. Мысалы: атақты Бекпембет бидің ұрпағы, заңгер Уәлитхан Танашев; дәрігер, ұстаз, ғалым Халел Досмұхамедов; Ахмет Бірімжанов; Садық Аюкеұлы Аманжолов; Мұстафа Шоқай және тағы басқалары. Дегенмен, бүкіл қазақ даласын қамтыған қозғалысты қалыптастырған ірі қайраткерлер тобы болғанымен, оның өрістеуіне, бүкіл елді қамтуына жүздеген, тіпті, мыңдаған адамдар үлес қосқаны белгілі. Алаш қайраткерлерінің түп қазық идеясы – қазақ мемлекеті болды. Баршаға аян, халқымыз үшін XX ғасырда ең маңызды мәселе – ұлттық тәуелсіздігімізді қайта қалпына келтіру болды. Екінші мәселе – қазақ қоғамын өркениетті әлемдік қауымдастықтың қатарына енгізу еді. Ол үшін ата-бабамыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған, сақтап қалған туған жерден ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жат жұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өшуі деген сөз екенін түсіне білген. Алаш рухы қазіргі ұрпақты елдікке, ауызбірлікке, елге адал қызмет жасай білуге үндейді. Тәуелсіз Қазақстанды нығайта түсуге шақырады. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрын тыйым салынған – Алаш қозғалысы тақырыбы қазіргі таңда отандық тарихымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қайта зерттелуде.

    Алаштану зерттеу бағыты алаштықтардың көзі тірісінде басталғанымен әрі қарай жалғасын табуда. Ес жиып,етек жапқан бүгінгі күндеріміз үшін ризамын.Әлихан Бөкейханов болжаған «өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет» қанатын қақ жаюда. Әлемге беделі танылған Қазақстанның құрылуы сіздің және ұлт қайраткерлерінің арқасы.

    XX ғ. 20ж.ж. Алаш қозғалысына байланысты Қ.Кемеңгерұлы, С.Садуақасұлы,Т.Шонанұлы, Ж.Аймауытұлы, С.Сейфоллаұлы, Ғ.Тоғжанұлы, 30-жылдар аралығында М.Шоқай мен С.Брайнин, Ш.Шафиро, Е.Бекенұлы, Ғ.Мүсірепұлы сынды авторлардың түрлі мақалалары жарияланса, 50-80 ж.ж. Алаш тұлғаларын қаралаған еңбектер, қаншама зерттеулер шықты.Соған қарамастан кемеңгер профессор Б.Кенжебаевтың «Өтелген парыз сынды санаға қозғау салған мақаласы», Түркияда 1973 жылы басылған Хасан Оралтайдың «Алаш»-Түркістан түріктерінің ұлттық ұраны» атты кітабы, Оксфорттың Орталық Азияны зерттеу қоғамы Кеңесте оқуға тыйым салынған 1920-1930 ж.ж. Алашқа қатысты зерттеулерді қайта басты. Бұл жазбалар, «жақсының аты өлмейді» дейтұғын, елі үшін жанын қиюға дайын ерлердің еңбегі есімдерін ақтайтының аңғартуда.

    Объяснение:

    • НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
    Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
    На сегодняшний день (18.09.2025) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос.
  • Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

    Ответить на вопрос

Последние опубликованные вопросы

қазақстандағы ауыр индустрияның болашағы" аргументті эссе күлтегеннің бойыннан қандай қасиеттерді байқадыңыз?3-4 сөйлем ​ ЖАЗЫЛЫП8-тапсырма. Дағды-ишараның түрлері туралы кластер жаса.Буны білудің пайдасы туралы ойыңды дәлелдеп жаз.Дағды-ишара​ СРОЧНААААА!!!!!!! Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз Бір ғана жауапты таңдаңыз a. Рабиға біресе, маған, біресе, Әмірге қарады b. Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады c. Рабиға біре... AЖАЗЫЛЫМ9-тапсырма.«Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеп-тен» деген тақырыпта іні-қарындастарына, сіңлілеріне арнап әңгіме жаз.Қаратпа, қыстырма сөздерді қолдан.ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ УМОЛЯЮ!!!!!!!!!​ Әбу Насыр әл - Фарабидің « Тіршілікте құрыштай бол төзімді » өлеңіндегі автор бейнесін анықтаңыз . Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз . өтінемін айтыңыздаршы​ Аяз би неліктен өзін жаманмын деді​ Слова которые отвечают на вопросы где каз яз СРОЧНОООО ПОИОГИТЕ!Тиісті есімдіктерді қойып жазу.1.... Бурабайдың суретін салды. 2. әжеммен бірге Майра апамның үйіне талайбардым. 3. Майра апам ... кұшағын жайып қарсы алды. 4.Асқар.... дос. 5. А... Төле бидің «Ердің бақыты-әйел» деген шешендік сөзінің мәнін дәлелдермен аша отырып, әдеби эссе жазыңыз. Как можно больше напишите, плииииз​ Шақ малдар туралы малимет​ Мына сөздермен сөйлем құрап жаз. Арқар, барыс, қосаяқ, құлан.
*{ message }*