-
09 November 2020
Қазақ тiлi
- Автор: kusainnazerke9
Оқылым Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Климат Ауа райының белгілі бір жерге тән, көп жылдық орташа жай-күйі климат деп аталады. «Климат» сөзi грек тiлiнен аударғанда «ылди, еңiс» мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi мен күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары болса, күн сәулесiнiң түсу бұрышы да соғұрлым үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады. Ыстық, қоңыржай және суық климат түрлерi бар. Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде жоғары орналасқан, сондықтан жер бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн қабылдайды. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады. Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес. Сiз бен біз қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Өсiмдiктер қыс кезiнде өсуiн тоқтатып, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, ал қалған жануарлар қысқа қорек жинайды. Ауа райы өзгереді, ал климатқа тұрақтылық тән.
1) Мәтіннен синоним сөздерді табыңыз.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.
2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз.----------------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3.«Біз қоңыржай климатта өмір сүреміз» деген автор пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4. Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген? _____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
даю 35 баллов помогИте
СРОЧНО-
-
-
09 November 2020
- Ответ оставил: aiaserafimova
Ответ:
2.Барлық біз білеміз ауа райы өте құбылмалы болып келеді, бірақ бұған қарамастан адам өміріндегі маңызды фактор болып табылады. Онда кейбір тұрақты қасиеттері, типтік үшін әрбір белгілі бір жерлерде. Осындай тұрақты қасиеттері ауа райы климаты деп аталады.
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше.Бір дақылдарға жылу,екіншілеріне ылғал,үшіншілеріне жарық көбірек керек.Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді,ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес.
3.Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қоңыржай климаттық белдеудің басқа климаттық белдеулерден айырмашылығы – жылдың төрт мезгілі (жаз, көктем, күз, қыс) айқын байқалады. Қазақстанның климаты қоңыржай – шұғыл континентті, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық. Қазақстанның климатының континенттілігі жаз пен қыс айларының температураларының күрт ауытқуынан, ауаның құрғақтығынан, жауын-шашынның әркелкі түсуінен көрінеді.
Қазақстанның климаты қоңыржай шұғыл континентті. Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосфераның алмасуы жатады.
Республика аумағына ауа массаларының үш түрі әсерін тигізеді, олар арктикалық, қоңыржай, тропиктік. Арктикалық ауа массалары – Солтүстік Мұзды мұхиттан, қоңыржай ауа массасы – Атлант мұхитынан, тропиктік ауа массалары – Орта Азиядан келеді.
4.Климат өзгеруінің мынандай себептері бар:күн сәулесiнiң түсу бұрышы,жылу,жауын шашын,температура және сыртқы бфакторларға байланысты.
Объяснение:
-
-
- НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
На сегодняшний день (03.09.2026) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос. -
Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных
Ответить на вопрос
