-
09 November 2020
Қазақ тiлi
- Автор: kulsatzabirova
казак дәстүрінде кайырымдылык калай жүзеге асты ?
-
-
-
09 November 2020
- Ответ оставил: adilbekova1
Ответ:Қандай заман болмасын маңайына шуақ сыйлайтын қазақ халқының қатары сиремеген. Қайырымдылықты ғылыми тұрғыда зерттеушілер интеллектуалдық һәм этикалық деп екіге бөледі. Этикалық түрі – ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдікпен сипатталса, интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі, сезімталдық жатады. Ислам ғұламалары болса оны зекетпен тығыз байланыстырады. Батыс зерттеушілері «қайырымдылық жарысы» әлеуметтік жобасын ұйымдастырып, онда Қазақстан 96-орынға орналасқан. Әлеуметтанушы мамандар жүргізген зерттеу нысаны ретінде 146 ел таңдап алынған. Нақты деректерге сүйенсек, жалпы 150 мыңнан астам адам әлеуметтанушылар ұсынған сауалнамаға жауап берген. Зерттеу қорытындысы бойынша, әрбір бесінші адам өмірінде бір рет болса да қайырымдылық жасап, еріктілер қатарында болған. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі өздері танымайтын жандарға қол ұшын беруді әдетке айналдырған. Сондай-ақ олардың 30 пайызы қайырымдылық ретінде коммерциялық емес ұйымдарға ақша аударған. Негізінен әлемде жақсылық жасаушылардың көбі ер адамдар екен. Соңғы жылдары еріктілердің қатарында әйелдердің де саны артқан. Оған себеп мамандар қайырымдылықтың пайдасын жиі зерттеп, ел арасында насихатын күшейткені болса керек. Солардың бірі белгілі әлеуметтанушы Дейв Адамс. Ол қайырымдылыққа ерікті болуға итермелейтін себептердің тізімін жасаған. «Игі істер денсаулыққа оң әсер етіп, адам өмірін ұзартады. Сондай-ақ жеке тұлға ретінде дамуға көмектеседі» дейді зерттеуші. Қайырымдылық жасаудан көш басында Индонезия, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ және Ирландия тұр. Ауғанстан, Морокко және Йемен елдерінде керісінше. Ал Қазақстан халқының 28 пайызы қайырымдылық жасауды дағдыға айналдырған.
Объяснение:нақтырақ айтсақ қазақ халқы қайырымдылық жасаудан ерінбейтін мысалға алсақ қаншама қуғыншы адамдарды өз үйлеріне жайғастырған көршілерінен көмегін аямаған кең пейілді халық десек артық болмас.
-
-
- НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
На сегодняшний день (21.04.2026) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос. -
Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных
Ответить на вопрос
