Нажимая на кнопку "Задать вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

Задать вопрос
Задать вопрос
  • сымсыз байланыс деген не? ​

    • 06 November 2020
    • Ответ оставил: abdralyfelis

    Ответ:

    Дәрістің мақсаты: сымсыз байланыс жүйелер жіктелімін оқып-үйрену және транкинг жүйесінің, жерсерікті байланыстың, дербес шақыру жүйелерінің және жылжымалы компьютерлердің стандарттарымен танысу. Мазмұны:  

    сымсыз байланыс жүйесінің жіктелімі;

    жеке радиобайланыс.

    Жіктелімдер өлшемін жеткілікті көп өңдеуге болады, олар нақтылы кластың айқын шекараларына жатқызыла алмайды және де жүйелер дамуына қарай ескіре алады. Сондықтан әртүрлі сымсыз жүйелер беруінің өте әйгілі әдістеріне тоқталамыз.

    Келесі бірнеше белгілер бойынша сымсыз байланыс жүйелерінің жіктелімі:

    а) алғашқы мәліметтердің өңделу әдісі бойынша:

    аналогтық;

    цифрлық;

    б) тағайындалуы бойынша:

    ұялы;

    кәрез (сымсыз телефонды);

    транкингті;

    жер серікті;

    оптикалы; 6) пейджингті;

    в) көп бекетті рұқсаттың әдістері бойынша: 1) FDMA арналардың жиіліктік бөлінуімен;

    TDMA арналардың уақытша бөлінуімен;

    CDMA арналардың кодтық бөлінуімен;

    құрамы;

    г) байланыс арнасының ұйымдастыру әдісі бойынша:

    симплексті;

    дуплекс;

    жартылай дуплексті;

    д) берілу жолағының жалпақтылығы бойынша: 1) тар жолақты;

    2) жалпақ жолақты; 3) өте кең жолақты;

    е) абоненттердің оқшау бөлігі бойынша:

    жылжымалы;

    бекітілген;

    ж) географиялық созылымы бойынша:

    дербес;

    жергілікті;

    аймақтық (қалалығы);

    глобалді;

    и) берілетін мәліметтің түрі бойынша:

    сөздің берілуінің жүйелері;

    видеомәліметтер; 3) деректерді беру;

    1998-1999 жылдары жасалған әмбебап жылжымалы телекоммуникациялық жүйелердің (UMTS) жаңа стандартты бір терминалға түгелдей барлық технологияларды қатар қолдануға мүмкіндік береді.

    UMTS (Universal Mobile Telecommunications System) тұжырымдамасы 3-ші ұрпақтың жылжымалы телекоммуникациялық радио жүйелерін жасау шеңберінде қазір жүзеге асырылады. Бір диапазоннан басқасына, стандарттан стандартқа өту немесе жерсеріктік арнайы абонент арқылы ауыстырып қосу мүмкіндігі, оған ең үлкен дәрежеде жақындайтын қызметтердің сол түрін таңдауға мүмкіндік береді. Сондықтан UMTS терминалдары бірнеше стандарттар желісінде жұмыс істейтін көп режім болып табылады.

    GSM сияқты UMTS-те басқа сымсыз байланыс жүйелеріне қосылу мүмкіндігі бар, көп режімді абоненттік аппараттар UMTS абоненттеріне, UMTS қызметтеріне қосылу мүмкіндігі болмаған жерлерде GSM-стандартты ұялы байланысқа қосылу мүмкіндігін сақтайды.

    Транкингтік жүйенің ерекше айырмашылығы бұл – бірбірімен ортақ басқару байланысқан, бірнеше ретрансляторлардан тұратын ретрансляторлық пунктің отрақ жиіліктік ресурсына қосылуды ұйымдастыру арқылы жиілік жолағын тиімді түрде пайдалану мүмкіншілігі болады. Транкингтік жүйенің созылмалы архитектурасы жекеше шақырулармен қоса, бірнеше абонент тобының шақыруларын немесе бірден желінің барлық абоненттер шақыруларын тарата алады. Мұндай жүйелереде сәулеленуге бағытталған станция жұмысы, әдетте үздіксіз орындалады, ал тек радиотелефон тангентіне басқанда эфир жүктемелігін азайтады.

    Дегенмен, қазіргі бірінші ұрпақтың кәсіби транкингті байланыс желілері жоғары құпиялықты және соционирленген рұқсаттан сенімді қорғаушылықпен қамтамасыз етуге кепілдік бермейді, әсіресе олар абоненттер аутентификациясын және абоненттік құрылғының идентификациясын да қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер бір-біріне ұқсамайтын екінші ұрпақтың кәсіби байланыстың сандық жүйесінде шешімін тапты (APCO,TETRA). TETRA ерекшеленетін байланыс протоколы бар және жиіліктің әртүрлі диапазондарында минималды шығынмен жүйе құра алатын, әмбебап техникалық мәселелер қарастырылған. Жиілікті ресурстардың үнемділігі ғана емес, сонымен қатар TETRA жүйесі, үшінші ұрпақтың қызмет көрсету перспективасы және әртүрлі енгізу сценарилерін құрай отырып, техникалық мүмкіндіктерді ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

    Бірінші ұрпақтың сымсыз жерсеріктік байланысының (стандарт Inmarsat-A) жер станциялары негізінен ведомствалық және үлкен орталық станциясы бар радильді – түйінді құрылымды корпоративті желілерді құруға тағайындалған мобильді жерсерікті байланыс саласындағы серпінді түрлену 90-жылдың басында шығып, үш фактормен негізделген еді: төмен және орта орбитаны қолданатын және сандық сигналдық процессорларды қолданатын, сандық байланысқа жергілікті ауысатын космостық бағдарламалардың жекешеленуі. Қорытындысында орта биіктіктегі (ICO) және төмен орбиталарда жұмыс істейтін сымсыз байланыс жүйелерінің бірнеше глобальды жобалар және екі рационалды жүйе (AceS және Thuraya) құрылды.

    Транкинг – бұл үлкен көп абоненттердің шектелген арнаға еркін кіру әдісі (жиынға, стволға немесе шет ел терминологиясы – транкка).Уақыттың кейбір мезеттерінде барлық абоненттер активті болмағандығынан, керекті арна саны жалпы абоненттер санынан біршама аз. Мысалы, арна санытең болғанда ( 4 сөзді арна және 1 басқару арнасы), транкингті байланыс шамамен 300 абонентке қызмет көрсете алады.

    Объяснение:сымсыз байланыс

    • НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
    Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
    На сегодняшний день (04.08.2026) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос.
  • Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

    Ответить на вопрос

Последние опубликованные вопросы

қазақстандағы ауыр индустрияның болашағы" аргументті эссе күлтегеннің бойыннан қандай қасиеттерді байқадыңыз?3-4 сөйлем ​ ЖАЗЫЛЫП8-тапсырма. Дағды-ишараның түрлері туралы кластер жаса.Буны білудің пайдасы туралы ойыңды дәлелдеп жаз.Дағды-ишара​ СРОЧНААААА!!!!!!! Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз Бір ғана жауапты таңдаңыз a. Рабиға біресе, маған, біресе, Әмірге қарады b. Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады c. Рабиға біре... AЖАЗЫЛЫМ9-тапсырма.«Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеп-тен» деген тақырыпта іні-қарындастарына, сіңлілеріне арнап әңгіме жаз.Қаратпа, қыстырма сөздерді қолдан.ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ УМОЛЯЮ!!!!!!!!!​ Әбу Насыр әл - Фарабидің « Тіршілікте құрыштай бол төзімді » өлеңіндегі автор бейнесін анықтаңыз . Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз . өтінемін айтыңыздаршы​ Аяз би неліктен өзін жаманмын деді​ Слова которые отвечают на вопросы где каз яз СРОЧНОООО ПОИОГИТЕ!Тиісті есімдіктерді қойып жазу.1.... Бурабайдың суретін салды. 2. әжеммен бірге Майра апамның үйіне талайбардым. 3. Майра апам ... кұшағын жайып қарсы алды. 4.Асқар.... дос. 5. А... Төле бидің «Ердің бақыты-әйел» деген шешендік сөзінің мәнін дәлелдермен аша отырып, әдеби эссе жазыңыз. Как можно больше напишите, плииииз​ Шақ малдар туралы малимет​ Мына сөздермен сөйлем құрап жаз. Арқар, барыс, қосаяқ, құлан.
*{ message }*