-
- 25 October 2020 Қазақ тiлi
- Автор: slambekbeknur34
2. «Қылыш ұрар болсаң, қолдарың қарысып қалады» деген сөздерден Қорқыттың
қандай қасиетін байқаймыз?
3. Ақтамберді толғауында ерлік қалай суреттеледі?
4. «Жыраулар – тарих – Тәуелсіз Қазақстан» арасындағы байланысты жазыңдар.
5. Жыраулар шығармаларындағы ұлы тұлғалар бейнесі қалай көрініс табады?
6. Жыраулар сол кездегі ел басқарған хандардың кемшіліктерін ашық айтып отырған.Осыған сеңдедің бағаларын қандай?
пажжее срочно керек боп тур реално -
- 25 October 2020
- Ответ оставил: Zari123
Түбі бір түркі халықтарына ортақ жәдігерлер түркі тектес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының мәңгі рухани баға жетпес мұралары болып табылады. Ежелгі замандардан сыр шертетін осындай құнды мұраның бірі – түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын, дәулескер күйші, ақылгөй, данышпан, жырау әрі философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері – Қорқыт есімімен тығыз байланысты.Қорқыт ата туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткендігі белгілі. Олар: ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, тарихи шежірелер және «Қорқыт ата кітабы». Сонымен қатар, «Қорқыт ата кітабының» Германияның Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында және Ватикандағы (Италиядағы) Аристолика кітапханасында сақталып келе жатқан екі қолжазба нұсқасының бар екендігі аян. Тарихи тұрғыда мойындалған тұлға – «Қорқыт ата» айтты деген нақыл сөздер, Қорқыт есімімен байланысты аңыз-әфсаналар мен жырлар еш уақытта маңызын жойған емес. VІІ-VІІІ ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, өмір сүрген, мәңгілік өмірді аңсап, халқына бақытты ғұмыр іздеп, дүниені шарлаған, артында мәңгі өшпес орасан бай мұра қалдырған және осындай аңыз кейіпкері һәм тарихи тұлға, әлемге әйгілі болған Қорқытты зерттеу ісімен айналысқан шетелдік ғалымдардың ішінде Э. Росси, Г. Ф. Диц, В. В. Бартольд, В. М. Жирмунский, А. Н. Кононов, А. Н. Самойлович, В. В. Вельяминов-Зернов, К. А. Иностранцев, А. Ю. Якубовский, Х. Г. Көроғлы, Э. Мухаррем, Ф. Көпрүлузаде, О. Ш. Кокжай, т.б., қазақ ғалымдарынан Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Х. Сүйіншәлиев, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов, М. Байділдаев, Ш. Ыбыраевтар, т. б. болды. Бұлардың ішінде, қорқыттануға айрықша зор үлес қосқан өзі археолог, өзі этнограф, өзі мәдениеттанушы және әдебиеттанушы ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның болжамды пікірлері, дәйекті тұжырымдары мәдениеттану, өнертану, әдебиеттану сынды ғылым салалары үшін бірден бір қажетті, маңызды еңбектер. Себебі, ғалым Қорқыт есімімен байланысты жинаған аңыздарды, Қорқыт айтты деген тәрбиелік-философиялық мәні терең нақыл сөздерді, Қорқыт тартқан күйлерді, «Қорқыт ата кітабындағы» ерлік жырларды жан-жақты талдай келе: «Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған [1, 135]» - деп баға береді. Әлкей Хақанұлының Қорқыт атаға байланысты зерттеулері көшпенділердің ежелгі мәдениеті жөніндегі зерттеу еңбектерінің ішіндегі ең құндыларының бірі. Қорқыт ата туралы Ә. Марғұланның зерттеулерін шартты түрде мынадай салаларға жіктеп қарастыруға болады. Ең алдымен, Қорқыт өмір сүрген кезеңді Ә. Марғұланның «Қазақ халқының эпикалық жыр-дастандары» деген тақырыпта 1945 жылы жазған докторлық диссертациясында баяндалатын көне дәуір мен сол кезеңде жасаған халықтар мәдениетіне байланыстыра қарастыруын еске алайық.
-
- НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
На сегодняшний день (02.11.2024) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос. -
Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных
Ответить на вопрос