Нажимая на кнопку "Задать вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

Задать вопрос
Задать вопрос
  • Мұқағали туралы 9 дерек

    • 25 October 2020
    • Ответ оставил: Kimdi04

    Ответ:

    1.Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты.

    2.  Болашақ ақын ер мінезді әжесі Тиынның тәрбиесін көріп, аңыз-ертегілермен сусындап өседі. Ол өзінің анасы Нағиманды жеңгесі сияқты қабылдап, Нақа деп атап кеткен. Мұқағалидің азат ойлы, ашық пікірлі болуына әжесінің тәрбиесі ықпал етті.

    3.  Мұқағали Мақатаев 14-15 жасында ақын болуға біржола бел байлап, қазақ әдебиетімен бірге әлемнің барлық классиктерін бір деммен оқып шығады. Соның ішінде Гейне, Гете, Шекспир, Данте, Бальзак, Драйзер, Гюго, Байрон, Лондон сияқты классиктерді жоғары бағалайды.

    4.  Ол өзінің заманындағы барлық адамның қолы жете бермейтін бірнеше оқу орнына жеке ізденісінің арқасында қабылданады. Алғашында ҚазМУ-дің филология факультетіне, содан кейін шет тілдер институтына, артынша ҚазМУ-дің заң факультетіне оқуға түседі. Жазушылар одағының жолдамасымен 1973 жылы Мәскеудің М.Горкий атындағы Әдебиет институтының студенті атанады.

    5.  Өмірдің қалтарыс-бұлтарысын бала күнінен көріп өскен ақынның сана-сезімі, ақыл-ойы ерте жетіледі. Ол өзінің өмірлік жары Лашынға 18 жасында үйленеді. Ақынның алғашқы лирикалары осы кезде жазыла бастады.

    6.  Мұқағали Мақатаев еңбек жолын ауылдағы мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастады. Оның орыс тіліне жетік болуы, әлем әдебиетін оқуына септік болды. Кейін аудандық газетте тілші болып қызмет істеді. Ақын-жазушының басы қосылған рухани астанамыз Алматыға келіп, әдеби ортаға тап болады. Үлкен шаһарда пәтерден пәтерге, қызметтен қызметке ауысып, тұрмыс тапшылығымен бетпе-бет келеді. Бірақ, Мұқағали өзінің ақындық талантының пайдасын көп көрді . Жыл сайын кітабы шығып, қаламақыға қомақты қаржы алып отыратын еді. Оның талантты ақын екенін танып, бүкіл жұртқа «Қазақ әдебиеті» газетінде Әбділдә Тәжібаев алғашқы болып жария етеді.

    7.  Ақынның тағдыры оңай болмаған. Оның тұңғыш қызы Ләззат қайтыс болып, кейіннен сүйікті қызы Майгүл көлік апатынан қаза табады. Оның қыздарына арнаған өлеңдері қазақ әдебиетінің классикалық туындыларының қатарында тұр.

    8.  Мұқағали ауруға шалдығып, өмірінің аз бөлігі қалғанын дәрігерлерден біліп алады. Содан бар мүмкіндігін өлең жазуға арнап, 12 жылдың ішінде 8 жыр жинағы жарық көреді. Ақынның барлық тағдыры өзінің өлеңдерінде шынай ы көрініс береді. Оның «Асығу керек, асығу керек қалайда! Уақыт саған қарай ма?!» деген өлеңі ауруға шалдыққан жылдары жазылған. Өмірге соншалықты ғашық болған ақын жаралы тәнімен қазаққа үлкен мұра қалдырды.

    9.   Ол жарты ғасырға жуық ғұмырында 1000-нан астам өлең, «Ильич», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек!», «Моцарт. Жан азасы» деген поэмалар жазды. «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері мен «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестерін, «Қош, махаббат» пьесасын жарыққа шығарды. Аударма салында да бақ сынап, Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» деген бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін аударды.

    Объяснение:

    • НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
    Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
    На сегодняшний день (04.08.2026) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос.
  • Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

    Ответить на вопрос

Последние опубликованные вопросы

қазақстандағы ауыр индустрияның болашағы" аргументті эссе күлтегеннің бойыннан қандай қасиеттерді байқадыңыз?3-4 сөйлем ​ ЖАЗЫЛЫП8-тапсырма. Дағды-ишараның түрлері туралы кластер жаса.Буны білудің пайдасы туралы ойыңды дәлелдеп жаз.Дағды-ишара​ СРОЧНААААА!!!!!!! Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз Бір ғана жауапты таңдаңыз a. Рабиға біресе, маған, біресе, Әмірге қарады b. Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады c. Рабиға біре... AЖАЗЫЛЫМ9-тапсырма.«Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеп-тен» деген тақырыпта іні-қарындастарына, сіңлілеріне арнап әңгіме жаз.Қаратпа, қыстырма сөздерді қолдан.ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ УМОЛЯЮ!!!!!!!!!​ Әбу Насыр әл - Фарабидің « Тіршілікте құрыштай бол төзімді » өлеңіндегі автор бейнесін анықтаңыз . Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз . өтінемін айтыңыздаршы​ Аяз би неліктен өзін жаманмын деді​ Слова которые отвечают на вопросы где каз яз СРОЧНОООО ПОИОГИТЕ!Тиісті есімдіктерді қойып жазу.1.... Бурабайдың суретін салды. 2. әжеммен бірге Майра апамның үйіне талайбардым. 3. Майра апам ... кұшағын жайып қарсы алды. 4.Асқар.... дос. 5. А... Төле бидің «Ердің бақыты-әйел» деген шешендік сөзінің мәнін дәлелдермен аша отырып, әдеби эссе жазыңыз. Как можно больше напишите, плииииз​ Шақ малдар туралы малимет​ Мына сөздермен сөйлем құрап жаз. Арқар, барыс, қосаяқ, құлан.
*{ message }*