-
14 November 2020
Қазақ тiлi
- Автор: arunakambar007
экпрессивті-эмоцианалды сөздер деген не ?
-
-
-
14 November 2020
- Ответ оставил: arisbaevak
Ответ:
Қазіргі тіл білімінде эмоционалды (эмотив-экспрессив) сөздер сөз мағынасы-ның қыры (аспектісі) ретінде тіл білімінің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Атап айтқанда, эмоционалдық мәселесі ағылшын, француз, литва, орыс, саха (якут), қазақ, нанай, өзбек, жапон, қытай т.б. тілдердің материалдары бойынша зерттелініп, оған арнайы және жанама көптеген еңбектер арналды. Бұлар әр түрлі тұрғыдан, жеке лингвистикалық (лек-сикологиялық және лингвостилистикалық), әлеуметтік лингвистикалық, психолинг-вистикалық негізде зерттелінді. Осылардың негізгілері ретінде шетел ғалымдары К. Эрдманның, Ш. Баллидің, орыс ғалымдары В.В. Виноградовтың, В.А. Звегинцевтің, А.М. Ефимованың, Е.М. Галкина – Федо-руктың, Н.А. Лукьянованың, сондай-ақ қа-зақ ғалымдары С.К. Кеңесбаевтың, М.Б. Ба-лақаевтың, Ғ.Ғ. Мұсабаевтың, М. Томанов-тың, Б.Қ. Момынованың, Е. Жанпей-ісовтың, Х. Нұрмұхановтың, Ф.М. Мұсабе-кованың, З.К. Ахметжанованың және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Мысалы, тілдегі экспрессивті сөздер жайында ғалым Б.Қ. Момынова былай деп тұжырым жасайды: «Көркем шығарма тілі-не талдаулар жасауды шындап қолға алған лингвистер кейінгі жылдары жаңа шығармашылық табыстарға қол жеткізуде. Сондай соңғы жетістіктердің бірі – сөз бейнелілігінің уәжділігі жөніндегі ғылыми пайымдаулар. Бейнелі немесе көркемдеуіш сөздер, экспрессиялық бояуы қою сөздер – әр жазушының стильдік тұғырын айғақтай-тын тілдік категориялар. Көркем әдебиет стилі қарастыратын экпрессиясы бар сөздердің тілдік қорымызда мол екендігі экспрессиясы жоқ я болмаса экспрессивті емес сөздермен салыстырылғанда анық көрінеді.
Сөз атаулының бейнелілігі үнемі бір деңгейде болмайды, бейнелілік бір-біріне ұқсас та болмайды. Барлық көркемдік атау-лы бір-бірінен айнымайтындай ұқсас болса, көркемдік деген ұғым болмас еді, оны зерттеудің қажеттілігі туындамас еді. Ал қажеттілікті тудыратын проза мен поэзия көркемдігі, бейнелілігі, оларды жеткізуші, сипаттаушы тілдік құралдардың, түрлі грамматикалық категориялардың және лексикалық бірліктердің сан алуандығы, бір-бірінен айырым белгілерінің айқын байқалып тұруы. Бейнеліліктің деңгейі әр жазушыда әр түрлі болатындығы өз алдына, бір жазушының шығармаларының өзінде әр қилы түрде кездеседі» [1].
-
-
- НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
На сегодняшний день (29.03.2026) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос. -
Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных
Ответить на вопрос
