Нажимая на кнопку "Задать вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

Задать вопрос
Задать вопрос
  • Өзіңнің тұрақты өлкең Қызылорда облысы бойынша қандай киелі орындарды білесің? Пжжжжжж комектесиндерш​

    • 26 October 2020
    • Ответ оставил: Maigret

    Ответ:

    Оқшы ата кесенесі

    Объяснение:

    Оқшы ата кесенесі Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Бәйгеқұм ауылынан күншығысқа қарай 5 км жерде орын тепкен. Оқшы ата жайында халық арасында аңыз жетерлік. Кейбір әңгімелерде шын есімі Ыбырайым делінсе, басқа жерлерде Көгентүп деп жүр. Сол сияқты Оқшы мен Есабыз әулиелердің есімдерін де қатар естуге болады. Оған себеп, олардың бір қорымда жерленгендері. Қос әулиемен қатар, мұнда Асан ата, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол дат пен Бала би сияқты ел есімдерін жатқа білетін кісілердің де мүрдесі жатыр.  Ал Қорқыт атаның кітабындағы мәліметтерде Оқшы ата қару-жарақ жасайтын орынның пірі ретінде көрсетіледі, сол сияқты Қазан ханның ержүрек батыры болғаны жайында да мағлұматтар бар. Мұнда тұрғызылған кесенеге 2005 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Киелі орынға келушілер үшін түнейтін және ас беруге арналған жайлар тұрғызылған.  

    Оқшы ата деп халықтың өзі атаған екен. Ол бала күнінен жетімдіктің ащы дәмін татып, қиындық көріп өседі. Тағдыр тауқіметін тартып жүргенде бір шал мен кемпірге өкіл бала болып, қалған өмірін ел-жұртты дінге шақырумен өткізеді. Оны ешқандай байлық қызықтырмай, мешіт тұрғызып, адамдардың бойына діни білім құяды.

    Бізге жеткен аңызға сүйенсек, бір күні ол өзін бағып-қағып отырған ата-анасынан сұранып, Ахмет Яссауиге сәлем беріп келемін дейді. Ол дәуірде жергілікті патша халық арасынан салық қана жинатып қоймай, әр жұрттан бір қыз баласын алдырып отырған екен. Баласы Түркістанға кеткенде қызын хан алып кетерден қорыққан әкесі оның бармауын өтінеді. Бірақ, Оқшы «менің атымды үш рет қайталап айтсаңыз, мен осында боламын» дейді. Көп ұзамай, расымен де ханның қолшоқпарлары салық жинап, бұлардың қоныстарына да келіп жетеді. Әкесінің күдігі расқа айналып, олар мұның қарындасын кепілдікке алып кетпек болады. Сонда әкесі тұрып, Оқшының атын үш рет қайталаған екен. Нөкерлері бір істі шеше алмай тұрғанын сезген хан да осы жерге келіп жетсе керек. Келе сала, ол атынан ауып түседі. Сонда жиылған қарақұрым ел «мен ханды аттан құлатып, мерт еткен» деп таласып жатады. Олардың барлығының шуылынан Оқшының даусы анық естіледі, «егер ханның жүрегінде арпа қылтығы болса, оны құлатқан мен деген сөз» – дейді. Барып қараса, шынымен де жүрегінде қылтық тұр екен. Осыдан кейін халық Көгентүп есімді жігіттің жай адам емес екенін мойындап, оны сыйлап, құрмет көрсетеді.

    ХХ ғасырдың 60-жылдары мұндағы мазарлар жаңартылып, кесене тұрғызылған. Ал оған дейін қарапайым кесектен салынған мазар болған екен. Қазір бұл орын көпшілік ниет етіп келетін, қасиетті орындардың біріне айналып отыр және Қазақстанның киелі нысандарының тізіміне енді.

    • НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
    Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
    На сегодняшний день (15.10.2024) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос.
  • Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

    Ответить на вопрос

Последние опубликованные вопросы

қазақстандағы ауыр индустрияның болашағы" аргументті эссе күлтегеннің бойыннан қандай қасиеттерді байқадыңыз?3-4 сөйлем ​ ЖАЗЫЛЫП8-тапсырма. Дағды-ишараның түрлері туралы кластер жаса.Буны білудің пайдасы туралы ойыңды дәлелдеп жаз.Дағды-ишара​ СРОЧНААААА!!!!!!! Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз Бір ғана жауапты таңдаңыз a. Рабиға біресе, маған, біресе, Әмірге қарады b. Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады c. Рабиға біре... AЖАЗЫЛЫМ9-тапсырма.«Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеп-тен» деген тақырыпта іні-қарындастарына, сіңлілеріне арнап әңгіме жаз.Қаратпа, қыстырма сөздерді қолдан.ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ УМОЛЯЮ!!!!!!!!!​ Әбу Насыр әл - Фарабидің « Тіршілікте құрыштай бол төзімді » өлеңіндегі автор бейнесін анықтаңыз . Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз . өтінемін айтыңыздаршы​ Аяз би неліктен өзін жаманмын деді​ Слова которые отвечают на вопросы где каз яз СРОЧНОООО ПОИОГИТЕ!Тиісті есімдіктерді қойып жазу.1.... Бурабайдың суретін салды. 2. әжеммен бірге Майра апамның үйіне талайбардым. 3. Майра апам ... кұшағын жайып қарсы алды. 4.Асқар.... дос. 5. А... Төле бидің «Ердің бақыты-әйел» деген шешендік сөзінің мәнін дәлелдермен аша отырып, әдеби эссе жазыңыз. Как можно больше напишите, плииииз​ Шақ малдар туралы малимет​ Мына сөздермен сөйлем құрап жаз. Арқар, барыс, қосаяқ, құлан.
*{ message }*