Нажимая на кнопку "Задать вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

Задать вопрос
Задать вопрос
  • отан отбасынан басталады шығарма 1,5 бет пж помогите​

    • 11 December 2020
    • Ответ оставил: kazynaserikbai08

    Ответ:

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Елбасы «Туған жер» бағдарламасының ауқымы ізінше кеңейіп, «Туған елге» ұласады деп баса айтты. Патриотизмнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты [1]. Қазақ Елi тәуелсіздiкке қол жеткiзген соң, жастарға ұлттық тәрбие беру уақыт талабымен бiрге келген игiлiктi мақсат екенi даусыз. Соған байланысты жастарды жарасымды әдеттiлiкке, ұнамды iзеттiлiкке тәрбиелеу халқымыздың қасиеттi қағидасы деп бiлемiз. Мына қайшылығы мен қасiретi асқынып тұрған заманда бұл айрықша мәселе. Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта. Дананың да, ғалымның да ең алғаш тәлім-тәрбие алып, өмірге көзқарасы қалыптасатын орын, ол отбасы. Қазақ қоғамында отбасы берекесі оның толыққандығында. Ата мен атаның тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасарына да сенім мол. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жастарды өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы жастардың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты. Қай халықтың тәлімгерлік тәжірибесі болмасын, ол адамзат атаулыға ортақ рухани қазынаның құрамдас бөлігі. Қазақ халқының да мәдени жетістіктерін, қанына біткен адамгершілік, имандылық, балажандық, еңбексүйгіштік, қонақжайлылық, отаншылдық, т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данагөй қариялар, ғұлама ойшылдар, шешен-билер, батырлар мен ақын-жыраулардың философиялық болжамдарының, психологиялық пайымдауларының, педагогикалық тұжырымдарының өшпес ізі жатыр. Әрбiр мемлекеттiң болмысын айқындайтын, сүйенетiн рухани мұраты болуы тиiс. Бiздiң қоғамдағы бұл мұраттар өзгермелi, өтпелi сипат алуда. Егемен ел болып қалыптасудың алғашқы жылдарында қазақ екенiмiздi өзгелерге таныту мәселесi алға шыққандықтан ұлттық идеология аса өзектi. Тәуелсiз ел ретiнде өзгелердi мойындатып, ұлттығымыздың өзiмiзге қажеттi мөлшерiн алып болған соң, қоғамның даму ерекшелiгiне сай, бұл күнде аса қажеттi болып отырған рухани азықты iздестiру үстiнде. Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары - ана тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты екені баршамызға аян. Қазақ тарихын тұңғыш зерттеуші ғалымдардың бірі - Шоқан Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін бiлдiре келiп, «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін», деген екен.

    • НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
    Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
    На сегодняшний день (31.10.2024) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос.
  • Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

    Ответить на вопрос

Последние опубликованные вопросы

қазақстандағы ауыр индустрияның болашағы" аргументті эссе күлтегеннің бойыннан қандай қасиеттерді байқадыңыз?3-4 сөйлем ​ ЖАЗЫЛЫП8-тапсырма. Дағды-ишараның түрлері туралы кластер жаса.Буны білудің пайдасы туралы ойыңды дәлелдеп жаз.Дағды-ишара​ СРОЧНААААА!!!!!!! Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз Бір ғана жауапты таңдаңыз a. Рабиға біресе, маған, біресе, Әмірге қарады b. Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады c. Рабиға біре... AЖАЗЫЛЫМ9-тапсырма.«Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеп-тен» деген тақырыпта іні-қарындастарына, сіңлілеріне арнап әңгіме жаз.Қаратпа, қыстырма сөздерді қолдан.ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ УМОЛЯЮ!!!!!!!!!​ Әбу Насыр әл - Фарабидің « Тіршілікте құрыштай бол төзімді » өлеңіндегі автор бейнесін анықтаңыз . Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз . өтінемін айтыңыздаршы​ Аяз би неліктен өзін жаманмын деді​ Слова которые отвечают на вопросы где каз яз СРОЧНОООО ПОИОГИТЕ!Тиісті есімдіктерді қойып жазу.1.... Бурабайдың суретін салды. 2. әжеммен бірге Майра апамның үйіне талайбардым. 3. Майра апам ... кұшағын жайып қарсы алды. 4.Асқар.... дос. 5. А... Төле бидің «Ердің бақыты-әйел» деген шешендік сөзінің мәнін дәлелдермен аша отырып, әдеби эссе жазыңыз. Как можно больше напишите, плииииз​ Шақ малдар туралы малимет​ Мына сөздермен сөйлем құрап жаз. Арқар, барыс, қосаяқ, құлан.
*{ message }*