Нажимая на кнопку "Задать вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

Задать вопрос
Задать вопрос
  • жаһандану дауіріндегі ана тіліміздің жай-куйі кандай болмак​

    • 12 December 2020
    • Ответ оставил: adelyatashkenbay

    Ответ:

    Ғаламдану үрдісінде өз құндылықтарын сақтаған ұлт ретінде қалыптасуымыз негізгі мақсат болуы керек. Ұлттың сақталуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Тіл байлығы-әр халықтың ұлттық мақтанышы. Тіл-халықтың жан жүрегі, оның рухани-имандылық, тарихи-құқықтық ырыс-игіліктерінің негізі. Тіл- атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес асыл мұра, көненің көзі, бабалар сөзі ғана емес халықтың өзі.

    Халықтың дүниетанымын, көзқарасын ана тілінен, әдебиетінен танимыз. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның түп төркіні сонау VI-VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап, түркі тілдес халықтарға өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Яссауи хикметтері, Дулати, Хорезми еңбектері –ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ асыл қазыналар. Ал Асан Қайғы, Ақтамберді, Шалкиіз, Махамбет, Майлықожа ақын – жыраулардың өмір құбылыстары, адам мен қоғам, тіршілік туралы толғаныстары мен өсиеттерінің қазіргі жастарға берер пайдасы мен тәрбиесі қаншама. Адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының алар орны бір бөлек. Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары-Шоқан, Ыбырайлармен қатар XX ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірлермен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптар ұлттық дәстүрді өз туындыларының арқауы еткен. Осы асылдардан нәр алып, халық намысын ту етіп, әрбір қазақ баласы өз ана тілінде білім алар.

    Халқымыз ерте заманнан тіл шеберлігіне , сөйлеу мәдениетіне айрықша мән беріп, ұқыпты қараған. Сөз қадірін білуге баланы тілі шыққан кезден-ақ тәрбиелеген. Оның айғағы-сан ғасыр бойы жасаған ауыз әдебиетіміз. Сөздің айтулы шеберлерін «от тілді, орақ ауызды », «сөзден жығылды», «сөзі мірдің оғындай» деп мадақтаған. Ел ішіндегі қарапайым адамдардың жатық, тартымды сөйлейтіндері сый-құрметке ие болған. Өзге ұлт тілін білмегенді ешкім сөкпейді, ана тілін білмеу ұяттың үлкені. Ойы шолақ, тілі өшкен халықтың басқаның жетегінде кетуі оңай, сондықтан ана тілін меңгеруді өзімізден, келешек жастардан бастаған абзал. Ана тілін бойына дарытып, санасы, намысы, қажыр-қайраты бар ұрпақ тәрбиелесек, еліміз көркейіп, ұлттық мүддемізді жоғалтпаймыз.

    • НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
    Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
    На сегодняшний день (08.10.2024) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос.
  • Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

    Ответить на вопрос

Последние опубликованные вопросы

қазақстандағы ауыр индустрияның болашағы" аргументті эссе күлтегеннің бойыннан қандай қасиеттерді байқадыңыз?3-4 сөйлем ​ ЖАЗЫЛЫП8-тапсырма. Дағды-ишараның түрлері туралы кластер жаса.Буны білудің пайдасы туралы ойыңды дәлелдеп жаз.Дағды-ишара​ СРОЧНААААА!!!!!!! Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз Бір ғана жауапты таңдаңыз a. Рабиға біресе, маған, біресе, Әмірге қарады b. Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады c. Рабиға біре... AЖАЗЫЛЫМ9-тапсырма.«Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеп-тен» деген тақырыпта іні-қарындастарына, сіңлілеріне арнап әңгіме жаз.Қаратпа, қыстырма сөздерді қолдан.ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ УМОЛЯЮ!!!!!!!!!​ Әбу Насыр әл - Фарабидің « Тіршілікте құрыштай бол төзімді » өлеңіндегі автор бейнесін анықтаңыз . Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз . өтінемін айтыңыздаршы​ Аяз би неліктен өзін жаманмын деді​ Слова которые отвечают на вопросы где каз яз СРОЧНОООО ПОИОГИТЕ!Тиісті есімдіктерді қойып жазу.1.... Бурабайдың суретін салды. 2. әжеммен бірге Майра апамның үйіне талайбардым. 3. Майра апам ... кұшағын жайып қарсы алды. 4.Асқар.... дос. 5. А... Төле бидің «Ердің бақыты-әйел» деген шешендік сөзінің мәнін дәлелдермен аша отырып, әдеби эссе жазыңыз. Как можно больше напишите, плииииз​ Шақ малдар туралы малимет​ Мына сөздермен сөйлем құрап жаз. Арқар, барыс, қосаяқ, құлан.
*{ message }*