-
12 December 2020
Қазақ тiлi
- Автор: aliamahsat06
Латын графикасына негізделген қазақ жазуы деген тақырыптағы А.Байтұрсынұлының Біздің заманымыз-жазу заманы жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман деген сөзін қазіргі интернет дамыған ғаламдық дәуірмен байланыстырып әңгімелеңдер.
-
-
-
12 December 2020
- Ответ оставил: erkezan18
Ұлағатты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туған тіл туралы өзекті мақалаларында: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. ...Біздің заманымыз - жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деп жазған екен. Шындығында, ол қазақ әліпбиін түзеп, түрлеудің, ана тілінде оқулықтарды жазудың мәні зор екенін ғасыр басында қоғами ахуалмен байланыстыра отырып, ауыр жүкті қолға алып, замандастарымен бірге ұлт тілінің келешегі үшін күрескен кемеңгер. Кемеңгерлігі сол, әркімнің тіліне еріп, адасып жүрген жұртына «Қазақ әліпбиін» тайға таңба басқандай жасап берді. Ахмет түрлеген әліпбиді күллі түркі жұрты, сонымен бірге орыс ғалымдарының «...енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» деп бағалағаны тарихи шындық. Міне, сол әліпбиге биыл - 100 жыл толып отыр! «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, баба мұрасымен алға жылжудың орнына, әліпбиді әлі күнге өзекті мәселесі етіп, текке даурығудамыз... Бұл «даулы мәселені» ғалым атындағы Тіл білімі институтының зерттеушілері бір шешімін табатынына кәміл сене отырып, енді Ахаң әліпбиінің тарихына шолу жасасақ.
-
-
- НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
На сегодняшний день (01.05.2026) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос. -
Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных
Ответить на вопрос
