-
26 December 2020
Қазақ тiлi
- Автор: itpaeva198272
Панфилофшылар ұлы отан соғысы кезінде қай жерді қорғады
-
-
-
26 December 2020
- Ответ оставил: dilnazturugnbay
Ответ:
Иван Васильевич Панфилов (1.1.1893, Ресей, Саратов облысы Петровск қаласы – 19.11. 1941, Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусеново село) – әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры (12.4.1942). 1-дүниежүз. соғысқа, 1918 – 20 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды.[1]
1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды.
1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы,
1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды.
1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді.
1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті (қ. Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар). Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Панфилов Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.
Алматы облысында аудан Панфиловтың есімімен аталады. Алматыда оның атында бір көше, 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк бар, онда батыр-генералға ескерткіш орнатылған.[2]
-
-
- НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
На сегодняшний день (20.09.2025) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос. -
Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных
Ответить на вопрос