-
05 January 2021
Қазақ тiлi
- Автор: lerabelokurova
Диалог на казахском языке о заповедниках казахстана) жас 49баллов
-
-
-
05 January 2021
- Ответ оставил: maudarbekova
Ответ:
"Қазақстан қорықтары" туралы диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, бүгін - өткен тақырыптарды қайталау сабағы. Тақырыптарды қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейік Сонымен бірінші сұрақ: Еліміздің аумағында қанша қорық бар?
Оқушылар: 10 қорық бар.
Мұғалім: Қанеки, кім 10 қорықты атап шыға алады екен?
Ерсін: Апай, мен атайыншы. Ақсу-Жабағылы, Наурызым қорығы, Алматы қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы, Батыс Алтай қорығы, Алакөл қорығы, Барсакелмес қорығы және Қаратау қорығы.
Мұғалім: Бәрекелді, жарайсың! Осы қорықтардың ең алғаш ашылғаны қайсы?
Оқушылар: Ең алғаш ашылғаны - Түркістан облысының аумағында орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы. 1926 жылы ашылған болатын. Орталық Азия мен Қазақстанның ішінде алғаш ашылған қорықтардың бірі.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Ал қорық дегеніміз не және оны құрудағы мақсат қандай?
Оқушылар: Қорық дегеніміз - экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтар жиынтығы. Қорықтардың мақсаты - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, сол аумақтағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын сақтау.
Мұғалім: Өте жақсы, балалар! Тақырыпты барлығың да меңгеріпсіңдер! Ендеше сабағымызды одан әрі жалғастырайық...
-
-
- НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
На сегодняшний день (01.09.2026) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос. -
Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных
Ответить на вопрос
