-
- 15 January 2021 Қазақ тiлi
- Автор: Polina555787468
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
Қадыр Мырза Әли (Домбыра)
2 ТАПСЫРМА -
1Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?
2Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?
3«Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті туралы?
4«Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?
5«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай
түсінесіз?
перевод 2 тапсырма :1 как можно наз стих-е?почему? кто автор?
2.про домбру какие инф-и узнали?
3""..."" в этом предложении о каких качествах домбры говорится
4. вы согласны с таким мнением "" ... ""?5. как вы понимете эти строки ""...""
СДЕЛАЙТЕ (только на казахском с переводом на русский )ПОЖАЛУЙСТО ОЧЕНЬ СРОЧНО!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!до 04.02.20018
даю 35 баллов
-
- 15 January 2021
- Ответ оставил: maudarbekova
Ответ:
1 Тапсырма.
Өлеңде қазақтың киелі домбырасы жайлы айтылған.
2 Тапсырма.
1. Өлеңді «Киелі аспап» деп атауға болады, себебі басты тақырып қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра жайлы айтылған.
2. Домбыра екі ішектен құралған музыкалық аспап екені және оның көмейіне қорғасын құйылғаны жайлы айтылады (Дәлірек айтсақ, аңыз бойынша Жошыхан баласы туралы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын құямын дейді. Сол кезде бір жігіт келіп домбыра алып, бір күйді тарта жөнеледі. Хан осы күй арқылы бәрін түсінеді, сөйтіп, сертін бұзбас үшін, домбыраның көмейіне қорғасын құйғызады).
3. Домбыра киелі аспап десем де болады. Себебі оның ән айтатын, шер қозғайтын, жан арашалайтын, тарихты жалғастыратын, салт - дәстүрлі сақтайтын қасиеттері бар.
4. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен толықтай келісемін, себебі домбырадан төгілген әсем ән мен күйді естігенде толғанбау, тебіренбеу мүмкін емес, домбыра кімнің болса да ішкі жан дүниесіне жол табары сөзсіз.
5. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - Домбыра» дегеніміз, менің ойымша, қазақ пен домбыра егіз ұғым, домбыра бағзы заманнан бері халықтың сырын шертіп, әр қазақтың үйінен табылатын киелі аспап, «әу демейтін қазақ жоқ» демекші, домбыраның алар орны ерекше.
-
- НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: қазақ тiлi.
На сегодняшний день (24.11.2024) наш сайт содержит 91805 вопросов, по теме: қазақ тiлi. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос. -
Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных
Ответить на вопрос