Нажимая на кнопку "Задать вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

Задать вопрос
Задать вопрос
  • ПОМОГИТЕЕЕЕЕЕ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!Нужно написать реферат на казахском языке про Мағжана Жұмабаева!

    • 12 April 2013
    • Ответ оставил: Katy0612

    Айгүл Мұратқызы Жұмабаева

    1964 жылы 21 наурызда РКФСР Мәскеу қаласында туған. Қазақ.

    С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін (2001) журналист мамандығы бойынша; Maastricht school of Management бітірген (2004), МВА.

    Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

    1981 жылдан - ҚазКСР телевизия және радиохабар бойынша Мемлекеттік комитетінің атшабары, бағдарламалар бас дирекциясының әкімшісі . 1986 жылдан -республикалықтелевизия режиссерініңкөмекшісі , редакторы. 1997 жылдан - «Радиосити» ТРК ЖШС директоры. 2003 жылдан - «Caspionet» каналының уйлестірушісі ; 2004 жылдан - бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары; 2006 жылдан бері - «Хабар» Агенттігі» АҚ «Caspionet» каналының директоры.

    «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған (2005). ҚР Президентінің алғысымен ескерілген (2006).

    Хоббиі - киімді улгілеу және тігу.

    Сүйіп оқитын әдебиеті - Л.Н. Толстой, Дж. Лондон, Т. Драйзер, О. Бальзак.

    Тұрмыс құрған. Жұбайы - Жұмабаев Айдар Әбілмәжінұлы. Ұлы - Дәулет (1991 жылы туған); қызы - Әсел (1994 жылы туған

     

    • 12 April 2013
    • Ответ оставил: Куланбаева

    Мағжан Жұмабаев (1893-1938)


    Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.

    Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.

    Мағжанның туып өскен жері – Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы.Әкесі Бекен – көзі ашық, өжет,қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.

    Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.

    Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.

    Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді.Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.

    Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген – ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.

    Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.

    Мағжан орыс һәм Еуропа мәдениетінен сусындамақ болып, Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. Осы оқу орнында ол Сәкен Сейфуллинмен алғаш танысады.Мағжан семинарияны алтын медальмен бітіреді.

    Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған.

    Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған.Мағжан – лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар – адамгершілік, шынайы махаббат, т.б.

    Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі – батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.

    • НЕ НАШЛИ ОТВЕТ?
    Если вас не устраивает ответ или его нет, то попробуйте воспользоваться поиском на сайте и найти похожие ответы по предмету школьной программы: другое.
    На сегодняшний день (22.09.2025) наш сайт содержит 2343 вопросов, по теме: другое. Возможно среди них вы найдете подходящий ответ на свой вопрос.
  • Нажимая на кнопку "Ответить на вопрос", я даю согласие на обработку персональных данных

    Ответить на вопрос

Последние опубликованные вопросы

Яблок посадили на 12 <,чем груш.Сколько посадили груш? Напишите эссе на тему о правах будущего поколения на охрану здоровья Твой одноклассник ведет свой личный бюджет. Каждую неделю он записывает в тетрадке, сколько денег ему дали родители на карманные расходы, сколько и на что он потратил, а сколько положил в свою копи... Задание: проанализируйте ст.3 ФЗ №273-ФЗ и приведите примеры реализации основных принципов гос. политики в сфере образования (примеры по каждому из принципов) Федеральный закон от 29.12.2012 N 273-... Составить 5 предложений на тему мамини страви ,за що цинують хлибпредложения посерьезней а не с двух слов сочинение на казахском языке про весну Люди помогите плиз надо сочинение. как я провожу свободное время на казахском языке помогите! нужно краткое сочинение на казахском языке на тему все профессии важны! Пословицы на казахском языке про школу(3 пословицы).Срочно!Плиз! помогите пожалуйста перевести текст с русского на каз.яз.. плииииз) Когда заканчиваются уроки, наступают выходные или каникулы, у меня никогда не возникает вопрос: чем заняться, чтобы не скучать? ... Пожалуйста, помогите перевести сочинение на казахский "Менің сүйікті ұстазым":В нашей школе работает много прекрасных, умных, справедливых учителей. Но мой любимый педагог – Сауле Апсаматовна. Она ... сочинение на казахском языке на тему моё свободное время??? помогите
*{ message }*